/
Құпиялылық саясаты

Құпиялылық саясаты

Дербес деректерге қатысты компанияның саясаты

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

Новосибирск қ. «01» шілде 2020 жыл.

Осы дербес деректердің Құпиялылық саясаты персональных данных (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты) www.mobistaff.ru домендік атауында орналасқан «МобиСтаф» компаниясы сайтты, оның бағдарламалары мен өнімдерін пайдалану кезінде ала алатын бүкіл ақпаратқа қатысты қолданылады.

1. ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ

1.1. Осы Құпиялылық саясатында келесі терминдер пайдаланылады:

1.1.1. «Компания сайтының әкімшілігі (бұдан әрі – сайт Әкімшілігі) » – “МобиСтаф” жауапкершілігі шектеулі қоғамы атынан әрекет ететін, дербес деректердің өңделуін ұйымдастыратын немесе жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу саясатын, өңдеуге жататын дербес деректер құрамын, дербес деректермен жасалатын әрекетті (операцияны) анықтайтын сайтты басқаруға уәкілетті тұлға.

1.1.2. «Дербес деректер» – белгілі бер немесе белгіленген жеке тұлғаға (дербес деректер субъектіне) тікелей немесе жанама қатысты болып келетін кез келген ақпарат.

1.1.3. «Дербес деректерді өңдеу» – дербес деректерді сақтау, жазып алу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығарып алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік), иесіздендіру, жоюды қоса алғанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай-ақ дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы.

1.1.4. «Дербес деректердің құпиялылығы» – Оператордың немесе дербес деректерге қолжетімділік алған тұлғаның сақтауына міндетті болған дербес деректер субъектінің келісімінсіз немесе басқа заңды негіздің болмауынсыз деректердің таралуына жол бермеу талабы.

1.1.5. ««МобиСтаф» компаниясының сайтын Пайдаланушы (бұдан әрі - Пайдаланушы)» – Интернет желісі арқылы Сайтқа кіре алатын және компанияның сайтын пайдаланатын тұлға.

1.1.6. «Cookies» — веб-сервер жөнелткен және пайдаланушының компьютерінде сақталатын деректердің шағын үзіндісі, тиісті сайттың бетін ашуға тырысқанда, деректердің шағын үзіндісін веб-клиент немесе веб-браузер әр жолы НТТР-сұраныспен веб-серверге жөнелтеді.

1.1.7. «IP-мекенжай» — ІР протоколы бойынша құрылған компьютерлік желідегі тораптың бірегей желілік мекенжайы.

2. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

2.1. Пайдаланушының «МобиСтаф» ЖШҚ компаниясының сайтын пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушының дербес деректерді өңдеу шарттарымен келісетіндігін білдіреді.

2.2. Құпиялық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы компания сайтын пайдалануды тоқтатуға тиіс.

2.3. Осы Құпиялылық саясаты “МобиСтаф” ЖШҚ компаниясының сайтына ғана қолданылады. Компания Пайдаланушының компания сайтындағы сілтемелер бойынша өте алатын үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және ол үшін жауап бермейді.

2.4. Сайт әкімшілігі сайт Пайдаланушысы ұсынған дербес деректердің дәйектілігін тексермейді.

3. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ

3.1. Осы Құпиялылық саясаты кері байланыс нысандарын толтыру кезінде сайт Әкімшілігінің сұранысымен Пайдаланушы ұсынатын дербес деректердің құпиялылығын жарияламау және қорғалу режимін қамтамасыз ету бойынша сайт Әкімшілігінің міндеттемесін белгілейді.

3.2. Осы Құпиялылық саясаты шеңберінде өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы нысандарды толтыру тарауында «МобиСтаф» компаниясының Сайтында тіркеу нысанын толтыру арқылы ұсынылады және келесі ақпаратты қамтиды:

3.2.1. Пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты;

3.2.2. Пайдаланушының байланыс телефоны;

3.2.3. электронды поштаның мекенжайы (e-mail);

3.2.4. Пайдаланушының жұмыс орны;

3.2.5. Пайдаланушының тұрғылықты жері.

3.3. Осы Құпиялылық саясатының 5.2 және 2.3 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоғарыда келісілмеген кез келген басқа ақпарат (келу тарихы, пайдаланылатын браузерлер, операциялық жүйелер және т.б.) сенімді сақталады және таратылмайды.

4. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС АҚПАРАТЫН ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ

4.1. Пайдаланушының дербес деректерін сайт Әкімшілігі келесі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:

4.1.1. Өтінімдерді рәсімдеу үшін Компания сайтында тіркелген Пайдаланушыны сәйкестендіру.

4.1.2. Компания сайтының дербестендірілген ресурстарына Пайдаланушының қол жеткізуін ұсыну.

4.1.3. Компания сайтын пайдалануға, қызмет көрсетуге, Пайдаланушының сұраныстары мен өтінімдерін өңдеуге қатысты хабарламаларды, сұраныстарды жолдауды қоса алғанда, Пайдаланушымен кері байланыс орнату.

4.1.4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу үшін Пайдаланушының орналасқан жерін анықтау.

4.1.5. Пайдаланушы ұсынған дербес деректердің дәйектілігі мен толыққандылығын растау.

4.1.6. Егер Пайдаланушы есептік жазбаны жасауға келісім берсе, сайт сервистеріне қол жеткізу үшін есептік жазба жасау.

4.1.7. Өтінімнің жағдайы туралы Сайт Пайдаланушысына хабарлау.

4.1.8. Компанияның Сайтын пайдаланумен байланысты мәселелер туындаған жағдайда, Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсету.

4.1.10. Пайдаланушыға оның келісімімен компнаия атынан немесе компанияның серіктестері атынан бос жұмыс орындарының жаңаруын, қызметтер тізімін, жаңалықтар жөнелтілімін және басқа мәліметтерді ұсыну.

4.1.11. Өнімдерді, жаңартулар мен қызметтерді алу мақсатында, компанияның сайттарына немесе сервистеріне кіру үшін Пайдаланушыға қолжетімділік ұсыну.

5. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мерзімін шектемей кез келген заңды тәсілде, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалану немесе осындай құралдарды пайдаланбау арқылы ақпараттық жүйелерде дербес деректерді өңдеу.

5.2. «МобиСтаф» ЖШҚ компаниясының сайтында рәсімделген Пайдаланушының өтінімдерін орындау мақсатында ғана, Пайдаланушы сайт Әкімшілігінің дербес деректерді үшінші тұлғаларға, атап айтсақ, персонал бойынша қызметтерге, пошталық байланыс қызметтеріне, электрбайланыс операторларына дербес деректерді беруге құқылы.

5.3. Пайдаланушының дербес деректері Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіпте ғана Ресей Федерациясы мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарына тапсырылуы мүмкін.

5.4. Дербес деректер жоғалған немесе жарияланған жағдайда, сайт Әкімшілігі дербес деректердің жоғалуы немесе жойылуы туралы Пайдаланушыға хабарлайды.

5.5. Сайт әкімшілігі Пайдаланушының дербес ақпаратына заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, өзгертуден, бұғаттаудан, көшірмесін жасаудан, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың басқа заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады.

5.6. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушымен бірге Пайдаланушының дербес деректерінің жоғалуынан немесе жариялануынан туындаған залалдардың немесе басқа теріс салдарлардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қолданады.

6. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

6.1. Пайдаланушы міндетті:

6.1.1. Компания Сайтының пайдалануына қажетті дербес деректер туралы ақпаратты ұсынуға, атап айтсақ, нысан арқылы өтінім қалдыруға.

6.1.2. Осы ақпарат өзгерген жағдайда, дербес деректер туралы ұсынылған ақпаратты жаңартуға, толықтыруға.

6.2. Сайт әкімшілігі міндетті:

6.2.1. Алынған ақпаратты осы Құпиялылық саясатының 4 тармағында көрсетілген мақсаттар үшін ғана пайдалануға.

6.2.2. Құпия ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етуге, Пайдаланушының алдын ала келісімінсіз жарияламауға, сондай-ақ осы Құпиялылық саясатының 5.2 және 5.3 тармақтарын қоспағанда, Пайдаланушыға тапсырылған дербес деректерді сатпауға, алйырбастамауға, жарияламауға немесе басқа ықтимал тәсілдерде жарияламауға.

6.2.3. Тиісті іскерлік айналымда осындай ақпаратты қорғау үшін пайдаланылатын тәртіпке сәйкес, Пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығын қорғау үшін сақтық шараларын қолдану.

6.2.4. Дәйексіз дербес деректер немесе заңға қайшы әрекеттер айқындалған жағдайда, тексеру кезеңінде Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің немесе дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті органның жүгінген немесе сұраныс жасаған сәтінен бастап тиісті Пайдаланушыға қатысты дербес деректерді бұғаттауға.

7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Өз міндеттемесін орындамаған сайт Әкімшілігі осы Құпиялылық Саясатының 5.2., 5.3. және 7.2. тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, дербес деректерді заңға қарама-қайшы пайдаланумен байланысты Пайдаланушының шеккен зияндары үшін жауап береді.

7.2. Құпия ақпарат жоғалған немесе жария болған жағдайда, Сайт Әкімшілігі келесі жағдайларда осы құпия ақпарат үшін жауап бермейді:

7.2.1. Ақпарат жоғалғанға немесе жарияланғанға дейін көпшілікке мәлім болса.

7.2.2. Ақпарат алынған сәтке дейін оны Сайт Әкімшілігі үшінші тараптан алынған болса.

7.2.3. Пайдаланушының келісімімен жарияланған болса.

8. ДАУЛАРДЫҢ ШЕШІЛУІ

8.1. Сайттың Пайдаланушысы мен Сайттың Әкімшілігі арасындағы қатынастардан туындаған даулар бойынша талаппен сотқа жүгінгенге дейін шағым (дауды ерікті реттеу туралы жазбаша ұсыныс) ұсыну міндетті болып табылады.

8.2. Шағым алушы шағымды алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде шағымды қарастыру нәтижелері туралы шағымды мәлімдеушіге жазбаша хабарлайды.

8.3. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органына қарастыруға тапсырылатын болады.

8.4. Осы Құпиялылық саясатына және Пайдаланушы мен сайт Әкімшілігінің арасындағы қатынастарға Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

9. ҚОСЫМША ШАРТТАР

9.1. Сайт Әкімшілігі Пайдаланушының келісімінсіз осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.

9.2. Егер Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, жаңа Құпиялылық саясаты Сайтқа орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

9.3. Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстарды немесе мәселелерді Сіз mobistaff.ru сайтында көрсетілген электронды поштаның байланыс мекенжайына жолдай аласыз.

9.4. Қолданыстағы Құпиялылық саясаты mobistaff.ru мекенжайындағы басты бетте орналасқан.

«20» шілде 2020 жылы жаңартылды.